«7 миллион»: екі зейнеткер 16 жастағы жасөспірімге оңбай алданған

«7 миллион»: екі зейнеткер 16 жастағы жасөспірімге оңбай алданған

«7 миллион»: екі зейнеткер 16 жастағы жасөспірімге оңбай алданған
ашық дереккөзі

Шымкентте зейнеткерлердің 7 миллион теңгесін алдап алған жасөспірім ұсталды деп хабарлады  turkystan.kz.  Еңбекші АПБ-ға хабарласып, алданғанын айтқан шағымданушы жағдайды толық баяндап берген. Айтуынша, оған белгісіз біреу қоңырау шалып, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып, қызы жол-көлік оқиғасына түскенін хабарлаған. Зейнеткерді егер белгілі бір соманы жақын арада оның мекенжайына келетін үшінші тұлға арқылы берсе, кінәлі адам жазадан құтыла алады деп сендірген. Қоңырау шалушы телефонды сыбайлас қызға тапсырып, ол дірілдеген дауыспен «анасынан» көмек сұрағандай кейіп танытқанда, әйелдің күмәні толығымен сейілген. Нәтижесінде қала тұрғыны алаяқтарға өзінің барлық жинаған 4,5 млн теңге көлеміндегі ақшасын берген. Сол күні полицияға телефон алаяқтарының тағы бір құрбаны осындай мәлімдеме жасады. Сүйікті немересіне көмектесу үшін 79 жастағы зейнеткер 2,5 млн теңгесін жіберген. Тергеушілер аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ге тіркеді. Іздеу шаралары барысында жедел уәкілдер бейнебақылау камераларының көмегімен жәбірленушілердің үйіне қолма-қол ақша алу үшін келген жігітті анықтап, ұстады. Ол Түркістан облысының 16 жастағы тұрғыны болып шықты. Жасөспірім мобильді мессенджер арқылы алған нұсқауларына сәйкес әрекет еткенін айтты. Оның міндеті – айтылған мекенжайлардан ақша алу және оны белгілі бір банктік шоттарға аудару. Бұл әрекеті үшін ол 50-ден 100 мың теңгеге дейін ақы алып отырған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілді. Оның аясында қылмысқа қатысы бар басқа да тұлғалар анықталып жатыр.