50410
Ермахан Жақпеков халықаралық турнирде сенсация жасады
Ермахан Жақпеков халықаралық турнирде сенсация жасады

Қазақстандық боксшы Ермахан Жақпеков Астанада «Елорда кубогы» халықаралық турнирінде сенсация жасады деп хабарлады turkystan.kz.
71 келіге дейінгі салмақ дәрежесі бойынша өткен жекпе-жекте Жақпеков жапондық Севон Окадзавамен кездесіп, айқын басымдықпен жеңді – 3:0.
Севон Окадзава – 2021 жылғы әлем чемпионы, 2019 жылғы Азия вице-чемпионы деп жазды Sports.kz. Ал Ермахан Жақпеков жастар арасында Азия чемпионы болған. «Елорда кубогы» турниріндегі алғашқы жекпе-жегінде ол Тәжікстан өкілі Довуд Махамовты жеңген болатын.