Telegram-да қазақ тілі іске қосылды

Telegram-да қазақ тілі іске қосылды

Telegram-да қазақ тілі іске қосылды
ашық дереккөзі
50360
Telegram әлеуметтік желісінің мәзіріне қазақ тілі қосылды. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
«Telegram-ға iOS және Android арқылы немесе web нұсқасына кірсеңіз, қазақ тілі ресми түрде енгізілгенін көресіз. Айта кету керек, кеше ғана Сенат бекіткен "Онлайн платформа және онлайн жарнама" туралы заң жобасында да дәл осы мәселе қарастырылған. Заңнама қабылданса, енді әлемдік әлеуметтік желілер интерфейстері мен мәзірлерін қазақшалауы керек» деп жазды Дархан Қыдырәлі.
Министр бұл мәселені халықаралық компаниялардың өкілдерімен кездесулерде де көтеріп жүргенін айтып, жаhандық желілер қазақша сөйлейтін күн алыс емес екенін атап өтті.

Серіктес жаңалықтары