Полиция қаны сорғалаған маралдың видеосына қатысты түсініктеме берді

Полиция қаны сорғалаған маралдың видеосына қатысты түсініктеме берді

Полиция қаны сорғалаған маралдың видеосына қатысты түсініктеме берді
ашық дереккөзі
50462
Әлеуметтік желіде адамдардың маралдың мүйізінен қан алып жатқан сәті түсірілген видео тарады. Полиция қоғам талқысына түскен осы жайтқа қатысты түсініктеме берді деп хабарлады turkystan.kz Полиция қызметкерлері «Жанат» шаруа қожалығына тексеру жүргізді.
«Катонқарағай ауданы ветеринария бөлімі берген өндіріс объектісінің есептік нөміріне сәйкес, шаруа қожалығында жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға рұқсат бары анықталды. Олардың әрекеттерінен қылмыстық немесе әкімшілік құқықбұзушылық құрам табылмады», – деді ШҚО ПД баспасөз қызметінен.
Ведомство мәліметінше, көктем айларында марал мүйізін тастау процесі жүреді. Бұл - табиғи процесс. Сондықтан мүйіздерді табиғи жолмен түсіп қалмай тұрғанда кесіп алады. Кесу процесінің өзі бірнеше секундқа созылады. Содан кейін кесілген жер антисептикпен өңделеді, қажетті егу жасалады және келесі жылға дейін табынға жіберіледі. Маралдың қаны - барлық дерлік органдар мен жүйелердің қызметіне әсер ететін әртүрлі биологиялық белсенді қосылыстарға бай. Өнімде ағзаның қалыпты жұмысына қажетті микроэлементтер – магний, темір, калий, натрий, мырыш бар. Құрамында пайдалы фосфолипидтер мен триглицеридтер, сондай-ақ аргинин және метионин аминқышқылдары бар.
«Марал мүйізінің құны – 3 мың доллар. Жаңа Зеландия, АҚШ және Қытайда миллиондаған марал өсірілетіндігіне қарамастан, емдік қасиеттері тек Алтай маралдарында ғана бар. Көптеген ғасырлар бойы денсаулықты нығайту үшін осы жануардың қаны қолданылған», – деп жазылған хабарламада.
 

Серіктес жаңалықтары