Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшілерімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшілерімен кездесті

Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракция жетекшілерімен кездесті
ашық дереккөзі
50191
Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Парламент Мәжілісіндегі алты саяси партия фракциясының жетекшілерімен кездесу өткізді деп хабарлады turkystan.kz Ақордаға сілтеме жасап. Кездесуге «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев, «Ауыл» ХДПП фракциясының жетекшісі Анас Баққожаев, «Respublica» партиясы фракциясының жетекшісі Айдарбек Қожаназаров, «Ақ жол» ҚДП фракциясының жетекшісі Азат Перуашев, ҚХП фракциясының жетекшісі Магеррам Магеррамов, ЖСДП фракциясының жетекшісі Асхат Рақымжанов қатысты. Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркістан қаласында өткен Ұлттық құрылтайда көтерген бастамалары мен тапсырмаларын жүзеге асыру мәселесін талқылады.  width= Мемлекеттік кеңесші Президенттің жаңа бастамаларын орындау үшін заңнамалық тұрғыдан қолдау қажет екенін, жалпы, бұл іске депутаттық корпустың белсенді араласуы керегін атап өтті. Өз кезегінде Парламенттегі фракциялар жетекшілері жаңа жалпыұлттық бағыт-бағдарға қатысты өз ұсыныстарын айтты.        

Серіктес жаңалықтары