50724
Қазақ баласы Мексикада әлем чемпионы атанды
Қазақ баласы Мексикада әлем чемпионы атанды

Аятжан Әмірханов Мексикада (Мазатлан) оқушылар арасында таэквондодан әлем чемпионы атанды деп хабарлады turkystan.kz.
Мектеп оқушылары арасындағы әлем чемпионатын ISF Халықаралық мектеп федерациясы алғаш рет өткізіп отыр. Бұл – Қазақстан үшін әлем чемпионатының алғашқы алтыны әрі тарихи жеңіс.
Аятжан – Астана қаласы командасының спортшысы және «KING CLUB ASTANA» спорт клубының мүшесі.
