50362
Елімізде халқы ең жас өңір белгілі болды
Елімізде халқы ең жас өңір белгілі болды

Қазақстанда 2022 жылы қартаю индексі 28,2 болды. Осылайша көрсеткіш бір жыл ішінде 1,6 пайыздық тармаққа өсті. Бұл дегеніміз, 0 мен 15 жас аралығындағы әрбір 100 балаға 65 жастан асқан 28,2 қариядан келеді деген сөз деп хабарлады turkystan.kz.
Ұлттық статистика бюросы мәліметінше, өңірлер бөлінісінде ең жоғары индекс ШҚО-да – 56,9, одан кейін Солтүстік Қазақстан – 56,3 және Қостанай облыстары – 48,9.
Бұл ретте, халқы ең жас өңір – Маңғыстау облысы. Мұнда соңғы 10 жылдан бері онда туу көрсеткішінің ең жоғары коэффициенті тіркеліп отыр. Онда 100 балаға 65 жастан асқан 10,8 қарттан келеді. Сондай-ақ қартаюдың төмен индексі Түркістан облысында – 11,3 және Шымкент қаласында – 11,7.
Қалалық жерлерде қартаю индексі ауылды жерге қарағанда жоғары, сәйкесінше 30,7 және 24,5.