Заңгер емізіктің орнына резеңке қолғап қолданған перзентхананы сынады (ФОТО)

Заңгер емізіктің орнына резеңке қолғап қолданған перзентхананы сынады (ФОТО)

Заңгер емізіктің орнына резеңке қолғап қолданған перзентхананы сынады (ФОТО)
ашық дереккөзі
50468
Заңгер Сәуле Бікітеева желіде Алматыда сәбиге емізіктің орнына резеңке қолғап салып қойған суретті жүктеп, перзентхана жұмысын сынады. Сондай-ақ құзырлы органдардың араласуымен тексеріс жүргізілуі керегін жазды деп хабарлады turkystan.kz. Оның айтуынша, оқиға Басенов, 2 көшесіндегі «Перинатология және балалар кардиохирургия орталығында» болған.
 «Мынау не масқара? Жазбаны анасы мен баласы перзентханадан шыққанша шығармай күттім. Алматы қаласындағы ең керемет перзентхана осы болса, жетім балалар үйіндегі жағдай қандай? Сәбидің аузына жыламасын деп резеңке қолғап тығып қойған. Кішкене сары болғасын, арнайы бокста жатқан. Оны кездейсоқ анасы көріп, суретке түсіріп алды. Қызметкерлері сол жерде өшіруін сұрап, асты-үстіне түскен. Алайда құрбым маған жіберіп үлгерді. Перзентхана меңгерушісі Бекайдарова Ақмарал Алманқызы бұл жағдайға қалай жуап бересіз?» деп жазды С. Бікітеева Instagram-дағы парақшасына.
Орталық оқиғаға қатысты жазба астына пікір білдірген.
«ШЖҚ КМК «Перинатология және балалар кардиохирургия орталығында» сіздің шағымыңыз бойынша тексеріс жүріп жатыр. Нәтижесі анықталған соң, сізге жауап қайтарылады», - делінген хабарламада.
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 

Публикация от Сауле Бикитеева (@saulebikiteeva)

«Орталықтан хабарласып, жазды. Тіпті жазбаны өшіруімді қалады. Олар арнайы тексеріс жүргізілгеннен кейін, шешімін айтатын боламыз деді. Күтеміз! Жауабын әлеуметтік желіде бөлісетін боламын. Тексеріс қалай жүргізілетіні жайлы ақпарат бермеді. Құзырлы органдар араласуы тиіс деп санаймын. Үкіметтен қыруар қаржы бөлініп отырса, балаларға жұмсақ емізік табылмағаны ма?! Резеңкенің ащы дәмі, иісі болғандықтан, нәрестеге зиян және қауіпті. Кінәлі адамдар жазалану керек», - деді заңгер Turkystan.kz тілшісіне.
Мекемеге хабарласып, істің мән-жайын және тексерістің қандай деңгейде жүріп жатқаны туралы сұрастырдық. Орталықтағы науқастарды қолдау бойынша қызмет көрсететін өкілдің айтуынша, тексеріс әлі жүруде.
«Бірақ шағымданған адамның нақты кім екені анықталмаған. Бұл сурет нақты біздің орталықта жасалғаны жайлы ешбір дәлел жоқ», - деп жауап берді ораталықтан.

Серіктес жаңалықтары