50555
Қостанай тұқымы жылқылары арасында кезекті бәйге өтті
Қостанай тұқымы жылқылары арасында кезекті бәйге өтті
18 маусым күні Қостанай облысы Заречное ауылындағы «Арғымақ» ипподромында Қостанай тұқымы жылқылары арасында бәйге өтті.
Жарыстың негізгі мақсаты – жалғыз Қазақстандық зауыттық жылқы тұқымы – Қостанай тұқымын қолдау және дамыту. Қостанай облысы әкімдігінің қолдауымен және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы, республикалық «Бәйге» федерациясының ұйымдастыруымен өткен бәйгеге 41 жылқы қатысты. Жарыста ұшқыр, құнан, аламан бәйге бойынша сайысқа түсті.
Ұшқыр бәйге 1200 м:
- 1-орын Өтеген Қуаныш «Командор» есімді тұлпары;
- 2-орын Байқұрман Сабыржан «Самғау» есімді тұлпары;
- 3-орын Никонов Михаил «Быстрая звезда» есімді тұлпары.
- 1-орын Байқұрман Сабыржан «Рибэка» есімді тұлпары;
- 2-орын Ертас Ринат «Берен» есімді тұлпары;
- 3-орын Қонысбаев Ерасыл «Коржик» есімді тұлпары.
- 1-орын Харитонов Тимур «Нұрберген» есімді тұлпары;
- 2-орын Ахмет Нұрасыл «Фаина» есімді тұлпары;
- 3-орын Төребаев Асқар «Қаңтар» есімді тұлпары.
- 1-орын Қайыржан Әлихан «Фанзор» есімді тұлпары;
- 2-орын Рымхан Нұртілеу «Бәйтерек» есімді тұлпары;
- 3-орын Жанат Айсері «Риба» есімді тұлпары.