Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады
ашық дереккөзі
50429
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкерлерін бүгінгі кәсіби мерекесімен құттықтады, деп хабарлады turkystan.kz.
«Медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Сіздер өз міндеттеріңізді абыроймен атқарып, ел құрметіне бөленіп жүрсіздер. Ұлт саулығы – басты байлығымыз. Мемлекет денсаулық сақтау саласына әрдайым ерекше назар аударып, дәрігерлерге үнемі қолдау көрсетеді», - деп жазды Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында.
Кеше Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният сала мамандарын мерекесімен құттықтап, жұмысына жоғары баға берген болатын. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Бас директоры Тедрос Гебрейесус Қазақстанның медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтап, ДДҰ атынан дәрігерлерге жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін білдіріп, жылы тілегін жеткізген еді.        

Серіктес жаңалықтары