
«Қазақстандық жас ұрпақ еңбек нарығына тиімді кірігіп, елдің дамуына өз үлесін қосуы тиіс. Ол үшін партия бүкіл еліміз бойынша ірі жұмыс беруші компаниялардың қатысуымен ауқымды бос жұмыс орны жәрмеңкелерін өткізеді. Биыл «AMANAT» 300 мың жасты, жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды жұмыспен және әлеуметтік қолдаумен қамтамасыз ететін орталықтар құрады. Бұдан басқа, конкурстық негізде жас кәсіпкерлерге жылдық 2,5% жеңілдетілген несие беріледі. Осы жылы ұлттық компаниялар мен ірі кәсіпорындарда 1 мың жас үшін одан әрі жұмысқа орналасу мүмкіндігімен тағылымдамалар ұйымдастырылады. Осылайша, партия жастар арасындағы жұмыссыздық мәселесін жүйелі түрде шешеді. Жалпы, сайлауалды бағдарламада 2027 жылға дейін 1,5 млн жасты жұмыспен қамту көзделген», – деді ол.


«Адал еңбек етіп, табыс табатын, қоғам дамуына үлес қосатын әр адам – құрметке лайық. «Жастарға жұмыс» жобасы халықты бос жұмыс орындары туралы ақпаратпен қамтуға мүмкіндік береді. Осы мақсатта белсенділерімізден, мемлекеттік органдар мен жеке сектор өкілдерінен құралған мобильдік топтар барша отандасымыз кеңес ала алуы үшін ірі қалаларды ғана емес, сонымен қатар ауылдық жерлерді, моноқалаларды да аралайды. Ең бастысы, бұл іс-шара ақысыз әрі тұрақты түрде өткізіледі», – деді ол.Атырауда бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне 1 мыңнан астам жас азамат келді. Олардың айтуынша, бір терезе қағидаты бойынша бір мезгілде бірнеше жұмыс берушімен әңгімелесу – өте ыңғайлы.
«Жоғары оқу орындарының түлектері бос жұмыс орындары үшін талас-тартысқа түседі. Сондықтан, бос жұмыс орындары туралы мәліметті басқалардан бұрын білу – аса маңызды. Сонымен қатар, интернеттегі немесе еңбек биржасындағы хабарландырулардан айырмашылығы, мұнда жұмыс берушімен бетпе-бет кездесіп, толғандырған сұрақты қоюға болады. Ал жүзбе-жүз әңгімелескен кезде міндетті түрде көп ақпарат аласыз», – деді Шыңғыс Тұрысбеков есімді студент.Еске сала кетейік, бұған дейін «AMANAT» партиясы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірге жастарды нәтижелі жұмыспен қамтуға бағытталған «Жастарға жұмыс» жобасын жүзеге асыру бойынша бірлескен іс-қимыл жоспарын әзірлеген еді.


Фото: Әли Ғалым