Сақтаныңыз: құтырма ауруынан келер қауіп көп

Сақтаныңыз: құтырма ауруынан келер қауіп көп

Сақтаныңыз: құтырма ауруынан келер қауіп көп
ашық дереккөзі

Құтырма вирус арқылы таралатын қатерлі әрі жұқпалы ауру. Оған бей-жай қарауға болмайды. Turkystan.kz жануарлар мен адамдарда кездесетін індеттің алдын алу, онымен күресу жөнінде зерттеу жүргізіп көрді.  Аурудың қоздырғышы адамдарға ауырған жануарлардың сілекейі арқылы тарайды. Вирус сілекеймен жараға еніп, жүйке жолдары арқылы қозғалады және орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Құтырмамен ауырған кез келген жануар немесе аң қауіпті саналады. Олар бұл вирусты жабайы аңдармен байланыста болғаннан кейін жұқтырады. Ауру белгісі қандай? Құтырмамен ауырған аң немесе жануардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы әдеттегіден өзгеріп, оларда оғаш қылық пайда болады. Мысалы, ит себепсіз үріп немесе еңсесі түсіп, үретін жерде үрмей, адамға, малға тап беріп, тамақ ішпей, көзіне көрінген заттарды (ағашты, тасты, сабынды) тістеп, шайнап тастайды. Тамағы қырылдап, аузынан сілекей мол бөлінеді. Егер ауырған ит босап кететін болса, жолындағысына шабуыл жасап, бірден тістеп алады. Вирус жұқтырған ит 5-6 күннен кейін өледі. Ауру белгісі адамдарда 10 күн мен 1 жыл аралығында байқалады. Көбіне 20-60 күннің ішінде адамда құтыру белгілері анықталады. Құтырманың алдын алу үшін адам не істеу керек? Құтырмаға қарсы ем жоқ. Тек вакцинация арқылы алдын алуға болады. Егер құтырмамен ауырған аң немесе үй жануарының сілекейі адамның денесіне тисе, көп өтпей жара пайда болады. Оны сабынды жылы судың көп мөлшерімен мұқият жуып, уақыт өткізбей дәрігерге көріну керек. Ауру жұқтырғанда дәрігердің нұсқаулығынсыз ем қабылдауға болмайды. Медицина қызметкерінің көрсеткен талап-тәртібін (арақ ішіп, ащы тағамдарды жеуге) қатаң сақтау керек. Әйтпесе жүргізілген емдік шаралардың пайдасы тимеуі мүмкін. Құтырманы болдырмауға арналған егу жұмыстары неғұрлым ерте жүргізілсе, нәтижесі соғұрлым жақсы болады.