Креатив: велосипед айдап, көже сатып жүрген әжеге жұрт сүйсінді (ВИДЕО)

Креатив: велосипед айдап, көже сатып жүрген әжеге жұрт сүйсінді (ВИДЕО)

Креатив: велосипед айдап, көже сатып жүрген әжеге жұрт сүйсінді (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
50251
Велосипед айдап, көже сатып жүрген әжеге ел сүйсінді деп хабарлады turkystan.kz. 67 жастағы Алтын Арынова бұл істі зейнетке шыққан соң қолға алған. «Түркістан» телеарнасының хабарлауынша, мамандығы – дәрігер. Оның көжесі қала тұрғындарының ғана емес, туристердің де сүйікті сусынына айналған.
«Таңертең, кейде түс қайта келемін. Күніне 30-40 литр сатамын. Жазға қарай одан да көп, 50-60-тай сатамыз. Бұйырғаны болып жатыр. Халық та риза, рақметін айтып кетеді. Атырау, Ақтау, Оралға дейін қыстыгүні пойызбен салып жіберіп отырдым», - дейді ол.

Серіктес жаңалықтары