Шымкент полицейлері бір-бірін ұзақ уақыт көрмеген әпкесі мен інісін қауыштырды

Шымкент полицейлері бір-бірін ұзақ уақыт көрмеген әпкесі мен інісін қауыштырды

Шымкент полицейлері бір-бірін ұзақ уақыт көрмеген әпкесі мен інісін қауыштырды
ашық дереккөзі
50177
Шымкент полицейлері үш жыл көріспеген әпкесі мен інісін қауыштырды деп хабарлады turkystan.kz Абай АПБ көші-қон қызметі бөлімінің тәртіп сақшыларына жергілікті тұрғын туған інісімен туыстық байланысының үзілгені туралы өтінішпен жүгінген. Қала тұрғынының айтуынша, оның інісі 2020 жылы Алматыға жұмыс істеуге кетіп, аман-есен жеткенін айтып, кейін мүлдем телефон соқпай, жазбай, байланысты үзген деп жазды Polisia.kz. Өз бетінше жүргізген іздеу жұмыстары нәтиже бермеген соң, әйел полициядан көмек сұрауға шешім қабылдаған. Тәртіп сақшылары бірден іздестіру шараларына кірісті. Ер адам болуы мүмкін барлық жерді тексерді: құрылыс алаңдары, базарлар, жалдамалы пәтерлер, оны білетін және көрген адамның бәрінен сұрады. Атқарылған жұмыстың нәтижесінде ер адам Астана қаласынан табылды. Белгілі болғандай, ол қиын өмірлік жағдайға тап болып, әпкесінің телефон нөмірін жоғалтып алған, содан соң қайта байланысқа шығу мүмкін болмаған. Полиция оны Шымкентке жеткізіп, туысымен қайта қауыштырды. Қала тұрғыны, полиция қызметкерлеріне біреудің қайғысына бей-жай қарамағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдірді. Тәртіп сақшылары халықтың алғысы олар үшін ең жақсы сыйлық екендігін атап өтті.  

Серіктес жаңалықтары