
«Бұл – діни салада жеткен тұңғыш жетістігіміз, исламдық білім берудің маңызды кезеңі. «Құран ижазасы» – тізбегі ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммедтен (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бастау алатын қариларымыздың ережеге сәйкес Құранды оқуы мен толық есте сақтауын куәландыратын құжат. Қариларымызға алған білімі екі дүниеде де дәрежелерін көтеріп, жаттаған Құранын әрдайым есте сақтап жүрсін деген тілегіміз бар. Сондай-ақ осы институттың жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келе жатқан Бағдат Манабаев бауырымызға, қариларымыздың ижаза алуына көп еңбектенген мысырлық хафиз, доктор Махмуд Хасан Махмуд Мұхаммедке және шәкірттерге Құран дәрістерін үйреткен танымал қари Теміржан Өтежанұлына алғысымды білдіремін», - деді Бас мүфти елордадағы Республикалық бас мешітте өткен игі іс-шарада.



