Америкалық әйгілі боксшының ұлы Жәнібекпен айқасқысы келетінін айтты

Америкалық әйгілі боксшының ұлы Жәнібекпен айқасқысы келетінін айтты
Америкалық әйгілі боксшы Шейн Мослидің ұлы кіші Шейн Мосли (20-4, 11 КО) орта салмақта WBO чемпионы Жәнібек Әлімханұлымен (14-0, 9 КО) айқасқысы келетінін мәлімдеді, - деп хабарлады turkystan.kz vesti.kz сайтына сілтеме жасап.
Ол BoxingScene.com порталына берген сұхбатында WBA белбеуі үшін жұдырықтасуға болатын төрт боксшының аты-жөнін атады.
«Орта салмақта чемпион болғым келді. WBA белбеуі үшін Лара - Гарсия айқасының жеңімпазы, Чарло немесе Жәнібекпен айқасуға дайынмын. Төрт боксшының кез келгенімен шаршы алаңға шыққым келеді», - деді ол.