51415
D дәруменінің жетіспеуі, маңызы қандай? – Зерттеу
D дәруменінің жетіспеуі, маңызы қандай? – Зерттеу

D дәрумені адамның сүйегі, бұлшықеті мен тісі сау болуы үшін қажет. Ол күн сәулесінің әсерінен теріде түзіледі. Сондықтан D дәрумені деңгейін қалыпты ұстап тұру үшін күн астында болу қажет немесе құрамында осы дәрумен бар тағамдарды жеу жеткілікті. Тurkystan.kz бұл туралы UpToDate зерттеуіне сілтеме жасап баяндады.
Кейінгі кезде жүргізілген зерттеулер көптеген адамда, әсіресе егде жастағы адамдарда D дәрумені жетіспейтінін анықтады.
D дәрумені жетіспеушілігінің белгілері қандай?
- сүйектегі, буындағы және бұлшықеттердегі ауырсыну;
- кішкентай жаралар мен тері зақымданған кезде тез жазылып кетпеу;
- шаш пен тырнақтағы проблемалар;
- шаршау және әлсіздіктің күшеюі.
- Ас мәзірінде D дәруменінің жетіспеушілігі және күн сәулесінің жеткіліксіздігі;
- Ішекте D дәрумені сіңуінің төмендеуі;
- Бүйрек немесе бауыр ауруларына байланысты D дәрумені өңделуінің төмендеуі.
- Ішекте кальций мен фосфорды сіңіруге көмектеседі.
- Паратироид гормонының, сүйектің бұзылуын (резорбцияны) тудыратын гормонның бөлінуін тежейді.