51810
Бұл белгілерді байқасаңыз, емделіңіз – бүйрек аурулары
Бұл белгілерді байқасаңыз, емделіңіз – бүйрек аурулары
Бүйрек ағзадағы негізгі фильтр қызметін атқарады. Сау бүйрек тәулігіне қанды 300 рет тазалауға қауқарлы. 24 сағат артық сұйықтық пен зат алмасудан қалған токсиндерді шығарып отырады.
Бүйрек қалай жұмыс істейді?
Адам ағзасында дененің салмағына байланысты 4-6 литр қан айналады. Күн сайын шамамен 1500 литрге жуық қан бүйрек арқылы өтеді және шамамен бір миллион микроскоптық сүзгіштер арқылы тазартылады. Аталған сүзгіштерді «нефрондар» деп атайды. Көпшілігінің бүйрек ауру себебі нефрондардың зақымдалуынан болады.
Ісу, бас ауру мен шаршаудың өзі алғашқы белгілері екенін біле бермейміз. Бүйрек аурулары көбінесе білінбей жүріп, пайда болады. Бүйрек ауруларының негізгі белгілері:
- Белдегі ауырсыну;
- Созылмалы шаршағыштық;
- Бастың ауруы немесе бас айналу (токсиндер бүйректе залалсызданбағандықтан мидың жұмысына әсер етеді)
- Ісіну (тұрақты қайтпайтын ісіну. Көз асты, аяқ және т.б.);
- Артериялық қысым жоғары болуы.
- Терінің құрғап қышуы мен бөртпелердің пайда болуы.