Орман өртінің түтіні кімдерге қауіпті? – Министрлік дабыл қақты

Орман өртінің түтіні кімдерге қауіпті? – Министрлік дабыл қақты

Орман өртінің түтіні кімдерге қауіпті? – Министрлік дабыл қақты
ашық дереккөзі
50414
Денсаулық сақтау министрлігі орман өртінің түтіні кімдерге қауіпті екенін айтып, ескерту жасады деп хабарлады turkystan.kz. Орман өртінің түтіні өкпенің созылмалы ауруы, демікпе, жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтар, егде жастағы адамдар, балалар, спортпен өте белсенді шұғылданатындардың денсаулығына әсер ету қаупі өте жоғары. Түтіннен зардап шегетін өңір тұрғындарына ұсынылатын шаралар: - Түтін басқан далада серуендемеу, әсіресе жүкті әйелдер мен балаларға көшеге мүлдем шықпау; - Денсаулығына байланысты проблемалары бар адамдар қажетті дәрі-дәрмектерді өзімен алып жүру; - Үй мен есіктерді жабық ұстау; - Терезелерге, желдеткіштерге ылғалданған шүберек іліп қою, оны ауыстырып отыру; - Үй-жайларда ауаны ылғалдандыру, ауаның ластануын арттыратын әрекеттерден аулақ болу; - Көлік құралдары ешқашан гараж сияқты жабық кеңістікте жұмыс істемеу; - Ересектер үшін сұйықтықты тұтынуды тәулігіне 2-3 литрге дейін арттыру (минералды су, итмұрынның, көкжидектің қайнатпалары, көк шай), жас балаларға қайнаған су беру; - Бастың ауруы, көмірқышқыл газымен уланудың алғашқы белгілері пайда болғанда дереу медициналық көмекке жүгіну керек.  

Серіктес жаңалықтары