50346
«Сатылған мектеп мәселесі назарда»: депутат өзін қаралағандарға жауап берді
«Сатылған мектеп мәселесі назарда»: депутат өзін қаралағандарға жауап берді
Мәжіліс депутаты, журналист Мақсат Толықбай өзін жауапсыз, масылдық пиғылмен айқай шығаратын және басқаның атымен атақ жинағысы келеді делінген жазбаға қатысты жауап қайтарды деп хабарлады turkystan.kz.
«Мені қаралаған мұндай жазбалардың артында кім, не тұрғанын, желдің қайдан есіп тұрғанын жақсы білемін. Бірінші кезекте мен журналистпін. Олар айтқандай, депутат болғаннан кейін ғана елдің сөзін сөйлей қалып отырған жоқпын, бұған дейін де депутат емес кезімде де, елдің ішінде, халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтаған адаммын. Халық біледі кімнің кім екенін Кешегі мемлекет салған Шалқар ауылындағы мектептің болмашы ақшаға сатылып кеткені, Сигма-газдың мәселесі – мұндай дүниелер онсыз да назарда. Қазір мені «депутат креслосына отырып алғаннан кейін, тамағын жыртты» деп қаралап жатқандар осыған дейін осы мәселенің бәрін шешсе қайда қалды? Әлі де ештеңе шешіліп жатқан жоқ», - деді М. Толықбай.Депутат көтерген мәселелерінің дұрыс шешілуін әлі де назарда ұстайтынын айтты.
«Естеріңде болсын, мен бұл орынға байланып қалған жоқпын. Депутаттық креслоны керек болып жатса, ертең-ақ босатамын. Бірақ бұл – халықтың аманаты. Депутаттық креслоны тастап кетсем де, халықтың азамат деп сеніп, айтып жатқан мұң-мұқтажын қайда жүрсем де тыңдаймын, көтеремін! Мұндай жазбаға кім тапсырыс берсе де, менімен алысқанша, халықтың мәселесін шешіңдер!», - деді ол.