«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты

«AMANAT» партиясының қатары жаңа мүшелермен толықты
ашық дереккөзі
50252
Бүгін «AMANAT» партиясы Астана қалалық филиалында партияға қабылдау салтанатты шарасы өтті. Партия қатарына білім және денсаулық сақтау салаларының өкілдері, жеке кәсіпкерлер мен үкіметтік емес ұйымдар қосылды. Жиынға өңірлік партия филиалы төрағасының орынбасары Сақтаған Сәдуақасов қатысты. Ол саяси ұйымның міндеттеріне тоқталды.
Партия мүшесі атану - үлкен сенім әрі зор жауапкершілік. Біздің мүдде­міз ортақ, мақсатымыз бір. Ол – елде­гі тұрақтылықты сақтау, тәуелсіз­дігімізді нығайту, ұлтты біріктіру. Бұл жолда бәріміз бір кісідей жұмылуымыз керек.  «AMANAT» - 800 мың­нан астам қазақстандықты бірік­тіретін саяси күш. Партияны трансформациялауға қатысты жобаларды іске асыруға сіздерді де атсалысады деп сенемін. Тәуекел еткен ел мүддесі жолындағы бастамаларыңызға сәттілік тілеймін! – деді Төраға орынбасары.
Сондай-ақ, Сақтаған Сәдуақасов партияның бел­сенді азаматтық ұстаным­ды қалыптастыруға, әлеу­меттік әділеттілікті қамтамасыз етуге, бар­лық азамат үшін тең мүм­кін­дік жасауға, жасампаз еңбек идея­­сын ілгерілетуге бағытталған және т.б. бірқатар партиялық жоба мен ­бас­тама іске асырылып жатқанын айтты.  width= «AMANAT»-қа қа­былданғандардың қатарында BIG TAU CLINIC бас директоры Гульжан Алиева, «Шипагер» отбасылық денсаулық орталығының директоры Айжамал Тулегенова, «Өнеге» денсаулық орталығының басшысы Жазира Турсынбекова, Инфинити тұрғын үй кешені мүлік иелері бірлестігінің төрағасы Арыстан Керімбеков, Паллиативтік медициналық көмек орталығының басшысы Гульмира Князбекова және т.б бар.  width=
BIG TAU CLINIC бас директоры Гульжан Алиева атап өткендей, еліміздің игілігі жолында барлық азамат бірігуге тиіс. Мемлекеттің негізгі байлығы - халық болса, халықтың басты дәулеті денсаулық. Партияға кірудегі себебіміз, әрбір адамға «ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік» деген қағиданы жеткізу, партияға өз үлесімізді қосу, - деді орталық директоры.
«AMANAT» партиясы – 24 жылдық тарих пен ресурсқа ие. Партияның филиалдары бүгінге дейін нәтижелі жұмыстарды көрсетіп, халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға үлес қосып келеді. Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев партия проблемаларды ашып көрсететін, халық мүддесін қорғайтын қозғаушы күш болу керектігін айтқан болатын. Айта кетейік, Астанада 261 бастауыш партия ұйымдарынан құралған 35 мыңнан астам партия мүшесі бар.

Серіктес жаңалықтары