50974
Экс-депутат Нұржан Әлтаев ұсталды
Экс-депутат Нұржан Әлтаев ұсталды

Экс-депутат Нұржан Әлтаев пара алды деген күдікпен ұсталды деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл мәліметті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі растады.
«Біз оның аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен ұсталғанын растаймыз», - делінген хабарламада.ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Айта кетейік, Нұржан Әлтаев 2020 жылдың қарашасына дейін Парламент Мәжілісінің депутаты болды.