15 млн теңгеге сатылған мектеп: әкім мәлімдеме жасады

15 млн теңгеге сатылған мектеп: әкім мәлімдеме жасады

15 млн теңгеге сатылған мектеп: әкім мәлімдеме жасады
ашық дереккөзі
50483

Қоғамда резонанс туғызған Алматы облысындағы мектеп мемлекет меншігіне қайтарылатын болды. Бұл туралы Қарасай ауданының әкімі Жасұлан Естенов Instagram-дағы парақшасында жазды деп хабарлады turkystan.kz.

Әкім 15 миллион теңгеге сатылып кеткен ғимаратқа қатысты сотқа арыз түскенін мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде талқыланып жатқан Шалқар ауылындағы М.Ломоносов атындағы мектебінің ескі ғимараты 2018 жылы 15 224 000 теңгеге сатылған. Бұл ғимаратты мемлекеттің  құзырына қайтару үшін менің тапсырмама сәйкес 2023 жылдың 9 наурызы күні Алматы облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына талап арыз жолданды. Қосымша Қарасай аудандық прокуратурасы тарапынан Шалқар орта мектебінің ескі ғимараты бойынша қаулылардың күшін жоюға талап арыз берілді. 25 мамыр және 2 маусымда сот отырыстары өткізілді. Айтайын дегенім, құрметті аудан тұрғындары, бұл жұмысты біз үш ай бұрын бастап қолға алғанбыз. Заңға сәйкес, мемлекетке қайтарып, ел игілігіне пайдаланамыз» деп жазды Жасұлан Естенов.

Айта кетейік, жекенің қолына өтіп кеткен мектептің мәселесін мәжіліс депутаты Мақсат Толықбай Парламент қабырғасында көтерген болатын.

Серіктес жаңалықтары