51733
Әлемдегі біз білмейтін ерекше жемістер
Әлемдегі біз білмейтін ерекше жемістер
Әлемнің басқа шетінде өсетін, экзотикалық жемістерді білесіз бе? Олардың кейбірі тікенекті болса да, іші тәтті болады. Осы ретте бізге таңсық емес пішіні мен дәмі өзгеше, түсі мен исі арқылы дараланып тұратын бірқатар экзотикалық жемістердің тізімін ұсынамыз.
Дуриан
Малайзияда, Иңдонезияда, Тайландта және Оңтүстік Филиппинде өсетін тропикалық жеміс. Жақсы піскен дурианның дәмі бананға, мангоға, ананасқа, папайя мен ванильге ұқсас. «Жеміс патшасы» деген атпен танымал дуриан иісі өте өткір. Қабығы тікенекті болады. Өлшемі домалақ, ауыр және іші ашық сары түсті бөліктерге бөлінген. Дурианды тосап, балмұздақ және кәмпит жасауда қолданады.
Карамбола
Оңтүстік-Шығыс Азия, Үндістанда, Индонезияда, Шри-Ланкада өседі. Әсіресе Тайландта танымал. Экзотикалық жемістің ұзындығы 5-15 сантиметр. Түсі ашық сары немесе сары-жасыл, пішіні жапырақты қырлы сопақша. Кесілгенде бес бұрышты, кейбір түрлері сегіз бұрышты болады. Дәмі бойынша тәтті немесе қышқыл түрін сатады. Құрамында кальций, магний, фосфор бар.
Акеби
Жапонияның солтүстігінде өсетін әдемі жеміс. Оның ішіндегі жұмсағы ақ, қара дәнектері көп. Ал оның күлгін түсті қабығын көкөніс ретінде пайдаланады. Дәмі банан, маракуйя жемістеріне ұқсайды. 2 түрі бар: бес жапырақты және үш жапырақты акебия. Түсі күлгін-қоңыр. Сондай-ақ оны шай сияқты кептіріп, қайнатып ішуге болады.
Рамбутан
Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде өседі. Экзотикалық рамбутанның жүзімге ұқсайтын тәтті дәмі бар. Шырынды болғандықтан, ыстық ауа-райында таптырмас жеміс. Қабығы толықтай тікенекке ұқсас жұмсақ заттармен жабылған. Көлемі 5 сантиметр, қабығы ашық-қызыл, жемісі ақ, жеуге жарамсыз сүйегі бар.
Аллергиясы бар адамдарға жемісті жеу ұсынылмайды.Рамбутанның қан қысымын төмендетуге, онкологиялық аурулардың алдын алуға көмектеседі.
Джекфрут
Үндістанның оңтүстігінде, Вьетнамда өсіріледі. Саламағы 40 килограмға жетуі мүмкін. Іші шырынды жұмсақ сары талшықтардан тұрады. Дәмі тәтті. Оны тропикалық аймақтарда «нан ағашы» деп атайды. А дәрумені, калий, кальций мен фосфорға бай.