Астана-Анталия жаңа рейсі іске қосылды
Астана-Анталия жаңа рейсі іске қосылды
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні Қазақстан мен Түркия арасында жаңа рейс іске қосылды деп хабарлады turkystan.kz.
4 маусымда Астана қаласынан Анталияға Mavi Gök Aviation (MGA) әуекомпаниясының алғашқы рейсі өтті. Тікелей рейс Boeing 737-800 бортында жүргізіліп, 5,5 сағатқа созылды.
Түрік әуекомпаниясының әуе кемесін дәстүр бойынша Астанада «су аркасымен» қарсы алды. Бұл ретте тікелей рейстер Қазақстанның астанасы мен Түркияның Жерорта теңізі курорты арасында аптасына екі рет – сәрсенбі және жексенбі күндері жүзеге асырылады.«Іс-шара шын мәнінде бірегей - Қазақстан мен Түркия арасындағы MGA әуекомпаниясының алғашқы рейсі бірден екі ел үшін туристік саладағы тарихтың жаңа тарауын ашады», - деп атап өтті Anex Tour Kazakhstan бас директоры Рашад Бунядов.
Boeing 737-800 борты 189 орынға арналған. Жолаушылар ағыны жоғары болған жағдайда, ұшақ ағымдағы жылдың маусым айынан бастап 300-ден астам жолаушы орны бар Boeing 777-300ER-ге ауыстырылады деп жоспарлануда.
Естеріңізге сала кетейік, Mavi Gök Aviation (аудармасы «Көк аспан») - 2022 жылдың сәуір айында Анталия әуежайы негізінде құрылған түрік әуекомпаниясы.
Бүгінгі таңда маршруттық желіде бүкіл әлем бойынша ондаған бағыт бар. Басым бағыттардың қатарына Еуропа, соның ішінде Австрия, Германия және Мажарстан, сондай-ақ Доминикана, Мексика және Тайланд кіреді.
Әуе паркі Boeing 737-900ER (3x428), үш Boeing 737-800 (189 орындық сыйымдылығы бар 3 лайнер) және кең фюзеляжды Boeing 777-300ER ұшақтарымен ұсынылған.