Гастрит: белгілері және емдеу жолдары

Гастрит: белгілері және емдеу жолдары

Гастрит: белгілері және емдеу жолдары
ашық дереккөзі
51053
Гастрит – асқазанның кілегей (шырышты) қабығының қабынуы. Дәрігерлер гастритті емдеуді кешіктірмеуге кеңес береді. Ол асқазан қатерлі ісігінің алғашқы қадамы болуы мүмкін. Жедел және созылмалы түрі бар. Жедел түрі көбінесе дұрыс тамақтанбаудан туындайды. Мысалы, шамадан артық тамақтану, бұзылған тағамды жеу, дәрі-дәрмекті ұзақ уақыт ішу, сондай-ақ тұмау, диабет, өкпе қабыну сияқты аурулармен сырқаттанған кезде организм уланады да, асқазан қабынады. Белгісі: төс шеміршегінің асты шаншиды, сыздап ауырады, лоқсып, асқа тәбет шаппайды, бас ауырып, дене қызуы көтеріледі. Созылмалы түрі жедел басталған кезде емделмей немесе тамақтану режимін бұзудан пайда болады. Рецепт- 1. Ауырғаннан кейін 5 күннен соң, диета сақтап: шайқурай (шөбі мен гүлі) - 20 г; иманжапырақ (жапырағы) - 20 г; қырмызыгүл (гүлі) - 20 г; мыңжапырақ (шөбі) - 40 г; түймедақ (гүлі) - 10 г; аскөк (дәні) - 10 г. Қоспаның 5 ас қасығын эмаль ыдысқа салып, 1,5 литр су құйып 1-2 минут қайнатады. Кейін 2 ас қасық итмұрынның езілген жемісін қосып, 30 минут бұқтырады. Сүзіп алып 10 күндей тамаққа дейін 15-20 минут бұрын күніне үш рет ішеді. Рецепт-2. Созылмалы гастрит кезінде (қышқылдығы төмен): шалфей (шөбі) - 40 г; сүйелшөп (шөбі) - 30 г; ақшайыр (шөбі) 30 г; итбүлдірген (шөбі) 30 г; субеде (жапырағы) 50 г; бүлдірген (жапырағы) 20 г; киікоты - (шөбі) - 30 г; иманжапырақ (жапырағы) 30 г; құлмақ (бүрі) - 20 г; түймедақ (гүлі) 20 г; зере (дәні) - 10 г; - зығыр (дәні) 25 г. Бәрін майдалап араластырады, 2 ас қасығын 0,5 л қайнаған суға салып, 1 сағат бұқтырады, содан соң сүзеді. Тамаққа дейін 20-30 минут бұрын 1/2 стақаннан 10 күндей ішеді. Рецепт-3. Қышқылдығы жоғары сырқат үшін: толғақшөп (шөбі) - 10 г; субеде (жапырағы) - 30 г; ақшайыр (шөбі) - 30 г; түймешетен (гүлі) - 10 г; шүйіншөп (тамыры) 20 г; қырмызыгүл (гүлі) - - 30 г. Майдаланған қоспаның 2 ас қасығын 0,5 л қайнаған суға салып, 1 сағаттай тұндырады. Кейін сүзеді. Тамақтан 15 минут бұрын 1/4 стақаннан күніне 3 рет 10 күндей ішеді.

Дереккөз Н. Ақбай «Шипалы өсімдіктер және оның емдік қасиеттері» кітабынан алынды.

 width=

Серіктес жаңалықтары