50506
Ақтауға киелі жерлерге зиярат етуге кеткен азамат 5 күннен кейін сайдан табылды
Ақтауға киелі жерлерге зиярат етуге кеткен азамат 5 күннен кейін сайдан табылды
Ақтауға киелі жерлерге зиярат етуге барған алматылық сайдан табылды деп хабарлады turkystan.kz.
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Алматы тұрғыны 1 маусым күні сағат 10:45-те Ақтау мен Маңғыстау ауданының аралығында сайдан табылған. Қазір жоғалған азаматтың жағдайы жақсы, медицина қызметкерлеріне жүгінген жоқ.
Іздестіру-құтқару жұмыстарына Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 25 жеке құрам, 3 бірлік техника, 2 кинологиялық есеп тобы, Полиция департаментінен және жергілікті атқарушы орган қызметкерлерінің құрамында 15 адамнан тұратын іздеу тобының күштері мен құралдары және 6 бірлік техника және Маңғыстау облысының волонтерлерінен 70 адам, 5 техника жұмылдырылды.
Еске салайық, Алматының 23 жастағы тұрғыны Мәжтай Жаханшах киелі жерлерге зиярат етуге Ақтауға барған, алайда 27 мамырдан бастап ол туыстарымен байланысқа шықпаған болатын.