Қазығұртта бір отбасы сирек кездесетін гүл өсіріп, нәпақасын тауып отыр

Қазығұртта бір отбасы сирек кездесетін гүл өсіріп, нәпақасын тауып отыр

Қазығұртта бір отбасы сирек кездесетін гүл өсіріп, нәпақасын тауып отыр
ашық дереккөзі
50253
Елімізде сирек кездесетін альстромерия гүлі Қазығұрт ауданы Тұрбат ауылында өсіріледі. Жергілікті бағбан Жәмила Ырысова ерекше күтімді қажет ететін сәндік өсімдікті жерсіндіріп үлгерген деп хабарлады turkystan.kz.
"Тұқымын Өзбекстаннан тапсырыспен алдырдым. Негізінен, перу лалагүлі – Оңтүстік Америка мен Голландияда ғана өсетін нәзік гүл. Бір рет егілген өнім үш жыл бойы өнім береді", – деді Ж. Ырысова.
Бағбан бұл кәсіппен 6 жылдан бері айналысып келеді. Түркістан облысы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, мұнда 3 түрлі гүл өседі. Басым бөлігі осы «альстромерия» деп аталатын гүл. Алғашқыда үй ауласында гүл өсіруден басталған кәсіп бүгінде отбасылық бизнеске айналған. 6 сотық жылыжайдың аумағы 22 сотыққа ұлғайған. Отбасының барлық мүшесі осы жылыжайда еңбек етіп, нәпақасын тауып отыр.

Серіктес жаңалықтары