Дүние жүзіндегі ересектердің шамамен 30 пайызында ұйқысыздық белгілері бар. Ал АҚШ-тың Ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметі бойынша, адамдардың үштен бірі түнде жеті сағаттан аз ұйықтайды. Мұндай режим жүрек ауруы қаупінің жоғарылауына, көңіл-күйдің нашарлауына, сондай-ақ асқынуларға әкелуі мүмкін.
Адам қанша уақыт ұйықтауы керек?
Нәресте |
4-12 ай |
12-16 сағат (күндізгі ұйқыны қосқанда) |
Жүре бастаған бала |
1-2 жас |
11-14 сағат (күндізгі ұйқыны қосқанда) |
Мектепке дейінгі |
3-5 жас |
10-13 сағат (күндізгі ұйқыны қосқанда) |
Мектеп жасы |
6-12 жас |
9-12 сағат |
Жасөспірім |
13-18 |
8-10 сағат |
Ересек |
18 жастан жоғары |
7 сағат және одан көп |
Ата-аналар балаларының да ұйқысына мән бере бермейді. Баланың ағзасы өсіп, дамып жатқандықтан, ересектерге қарағанда ұйқыға 2 есе зәру. Күнделікті көп ақпаратты миына сіңіретіндіктен, балаға өте көп энергия қажет.
Америкалық ұйқы медицина академиясы (AASM) адамдардың жас топтары бойынша күнделікті қанша уақыт ұйықтау керегін ұсынды. Бұл нұсқаулар жалпы мақсат ретінде қызмет етуі мүмкін. Алайда балалардың ұйқысы темпераментіне және дамуындағы айырмашылықтарға байланысты өзгеретінін есте ұстаған жөн.
Ұйқы жетіспеушілігінен туындайтын зиянды белгілер:
- Баяу ойлау;
- Зейіннің төмендеуі;
- Есте сақтау қабілетінің нашарлауы;
- Нашар немесе қауіпті шешім қабылдау;
- Энергияның жетіспеушілігі;
- Көңіл-күйдің өзгеруі. Одан бөлек стресс немесе тітіркену сезімі;
Созылмалы ұйқының болмауы денсаулыққа кері әсер етеді. Ұйқы дененің барлық дерлік жүйелерінің жұмысында негізгі рөл атқаратындықтан, физикалық және психикалық денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді:
- Жүрек-қан тамыр аурулары: ұйқысыздық созылмалы қан тамыры жүйесінің ауруларына әкеліп соғады. Оның ішінде жоғары қан қысымы, коронарлық артерия, инфаркт және инсульт.
- Қант диабеті: ұйқының болмауы дененің қандағы қантты реттеу қабілетіне әсер етеді. Метаболикалық жағдайлардың қаупін арттырады.
- Семіздік: адамдар калория мен көмірсулардың көп мөлшерін тұтынады. Олар адам жеткілікті түрде ұйықтамаса, семіздікке алып келеді.
- Иммунитет тапшылығы: ұйқының жетіспеушілігі иммундық функцияның нашарлауымен байланысты. Мұндай жағдайда ағзаның вирустық ауруларға төзімділігі төмендейді және вакциналарға төтеп бере алмайды.
- Гормондардың бұзылуы: ұйқы денеге әртүрлі гормондардың деңгейін дұрыс қалыптасуына және реттеуге көмектеседі. Ұйқысы қанбаған адамдарда гормонды проблемалар болады.
- Психикалық бұзылулар: ұйқы мен психикалық денсаулық бір-бірімен тығыз байланысты. Ал аз ұйқының кесірінен депрессия, мазасыздық туындайды.
|
7 сағаттан аз ұйқы |
7 сағаттық ұйқыдан көп немесе оған тең |
Артрит |
28,8% |
20,5% |
Депрессия |
22,9% |
14,6% |
Қант диабеті |
11,1% |
8,6% |
Демікпе |
16,5% |
11,8% |
Инсульт |
3,6% |
2,4% |