«Шахрам Гиясовты жеңдім. Ол Олимпиаданың ең мықты қарсыласы, финалисі болатын. Жеңіске жеткеннен кейін барлығы маған телефон шалып: «Болды, сен чемпионсың», - деді. Ал немісті жеңгеннен кейін достарым телефон соғып: «Көлікті маған несиеге бер, кейін басқасын беремін», - деді. Осыдан кейін төсекте жатып, алдағы жекпе-жек туралы емес, ақша туралы ойладым. «Әкімге барайын, көлік алайын, ат береді» деген ойлар болды. Келесі жекпе-жекке шығып, жеңіліп қалдым. Жеңіс уысымда еді, сусып түсіп кетті. Жеңілдім, өйткені менің ойым мүлде басқа жақта болды, жекпе-жекке іштей дайын емес едім», – деді боксшы QAZAQ RING YouTube арнасына берген сұхбатында.
«Жекпе-жек емес, ақша туралы ойладым»: Асыланбек Шымбергенов жеңілген сәтін еске алды

«Жекпе-жек емес, ақша туралы ойладым»: Асыланбек Шымбергенов жеңілген сәтін еске алды
Бокстан әлем чемпионы Асыланбек Шымбергенов шаршы алаңдағы жеңілісіне не себеп болғанын айтып берді деп хабарлады turkystan.kz.
71 келі салмақта өнер көрсететін Қазақстан құрамасының капитаны жақында Ташкентте өткен әлем чемпионатында жеңіске жетті. 2021 жылы Белградта өткен әлем чемпионатында да жеңімпаз атанар еді. Алайда оған психологиялық қысым бөгет болған.