«Полиция тұрғылықты жеріне келгеннен кейін күдікті 8-қабаттың терезесінен секірді. Күдікті алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды. Осы факті бойынша ҚР ҚК 106-бабы және ҚР ҚК 105-бабы бойынша сотқа дейінгі екі тергеу басталды», - делінген полиция департаментінің хабарламасында.Қайғылды жағдайға күдіктінің куә болған анасы полицейлерге ұлының бұрын суицидтік мінез-құлқын көргенін айтты. Ол өзіне-өзі қол жұмсау әрекеттері туралы бірнеше рет айтқан. Тергеу әрекеттері жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
Қостанай облысында ер адам танысын пышақтап, 8-қабаттан секірген

Қостанай облысында ер адам танысын пышақтап, 8-қабаттан секірген
Қостанай облысы Лисаков қаласында бұрын сотталған ер адам өзінің танысымен жанжал кезінде пышақтаған. Полиция күдіктінің тұрғылықты жеріне келгенде ер адам 8-қабаттың терезесінен секіріп кеткен деп хабарлады turkystan.kz Алау сайтына сілтеме жасап.
Зардап шеккен азамат оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді. Полиция қызметкерлері күдікті мен оның тұрғылықты жерін анықтады.