- жөтел
- кеуде қуысының қысылуы
- кеуде ауыруы
- ентігу
- дауыста сырыл пайда болу
Демікпе қандай дерт

Демікпе қандай дерт
Демікпе тыныс алу жолдарының бұзылуынан пайда болатын сырқат. Оған бейжай қарауға болмайды. Turkystan.kz тілшісі аталған аурудың белгілеріне зерттеу жүргізіп көрді.
Адамда физикалық белсенділік жоғары болған кезде тыныс алудың қиындауы қалыпты саналады. Өйткені мұндай жағдай сау адамда да болуы мүмкін. Мысалы, баспалдақпен ұзақ көтерілген кезде. Алайда аурудың белгілеріне де мән берген жөн. Әсіресе түнгі ұйқы кезінде тыныштығыңыз бұзылса, бұрын оңай атқаратын істі қиналып істесеңіз, дене температурасы жоғарылап, жөтелсеңіз, дәрігерге қаралғаныңыз жөн.
Демікпе неден пайда болады?
Демікпемен кез келген адам ауыруы мүмкін. Бірақ бұл сырқат жастар арасында (40 жасқа дейін) кең таралған. Көбіне аллергиясы бар және темекі шегетін адамдарда жиі кездеседі. Жалпы демікпе кез келген адамда, кез келген уақытта пайда болуы мүмкін.
Аурудың түрлері
Инспираторлық - тыныс алудың қиындағанынан білінеді және өкпе патологиясында, атап айтқанда фиброзда (альвеолит, саркоидоз, бериллиоз), карциноматозда, клапан пневмотораксында, диафрагма әлсірегенде пайда болады.
Экспираторлық - дем шығарудың қиындауынан білінеді. Негізінен бронх демікпесінде және созылмалы обструктивті бронхитте дамиды.
Аралас – ингаляция да, дем шығару да қиындайды (ауыр пневмония кезінде болуы мүмкін).
Оттегінің жетіспеушілігінен қалыпты тыныс алудың бұзылуынан дененің барлық жүйесі зардап шегеді.
Белгілері
Демікпемен ауыратындардың барлығында бірдей белгілер болмайды, дегенмен негізгілері: