Шавкат Рахмоновтың қарындасы жеңілмеген ресейлік чемпионды нокаутқа жіберді (ВИДЕО)

Шавкат Рахмоновтың қарындасы жеңілмеген ресейлік чемпионды нокаутқа жіберді (ВИДЕО)
Алматыда өткен Noize FC 51 аралас жекпе-жек турнирінде бесінші жекпе-жек өтті деп хабарлайды turkystan.kz.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жекте аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың (17-0) қарындасы Сора Рахмонова (4-1) Naiza лигасының чемпионы, жеңіліп көрмеген ресейлік Валерия Карыгинамен (5-6-1) кездесті. Жекпе-жекте Рахмонова қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді. Төреші екінші раундта жекпе-жекті тоқтатты деп жазады sports.kz.
Осылайша, Сора Рахмонова кәсіби мансабында төртінші жеңіске жетті. Ал Валерия Карыгина Naiza-да бірінші, MMA-да жетінші жекпе-жекте жеңілді.