«Кері әсерін білсе, ішпес еді»: хирург энергетикалық сусынның зияны туралы айтты

«Кері әсерін білсе, ішпес еді»: хирург энергетикалық сусынның зияны туралы айтты

«Кері әсерін білсе, ішпес еді»: хирург энергетикалық сусынның зияны туралы айтты
ашық дереккөзі
50251
Алматылық хирург энергетикалық сусындардың зияны туралы айтты деп хабарлады деп хабарлады turkystan.kz. Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, дәрігерлер энергетикалық сусындардың зияндығын айтып дабыл қағуда.
«Соңғы кездері жедел хирургия бөлімшесіне асқазанның жедел ойық жарасы мен эрозиясынан қан кетумен түскен жас жігіттерді көп байқадым. Сондай-ақ қабылдау бөліміне іштің түсініксіз ауруы, жүйке қозуы, мазасыздану, жүрек айнуы, дәреті бұзылған жас жігіттер жүгінеді», - деді С.Д. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ хирургиялық аурулар кафедрасының профессоры Абылай Баймаханов.
Дәрігерлердің айтуынша, энергетикалық сусындардың денсаулыққа қаншалықты кері әсерін білсе, миллиондаған адам оны ішуді тоқтатар еді. Терапевтер, кардиологтар ғана емес, тіпті хирургтар да энергетикалық сусындарды шамадан тыс пайдалану проблемасына тап болған. Өйткені энергетикалық сусынды ішу салдарынан хирургиялық патологиясы бар науқастар саны күрт артқан.
«Кейбір науқастарды реанимацияға жатқызуға тура келеді. Бұның бәрі абдоминальды органдардың жедел хирургиялық ауруларын диагностикалауда қиындықтар тудырады, хирургтар мән-жайды анықтау үшін диагностикалық лапароскопияға жүгінетін жағдайлар болады. Барлық жағдайда науқастар энергетикалық сусынды күніне 3-4 банкаға дейін ұзақ уақыт қабылдағанын айтады», - деді ол.
Энергетикалық сусынның құрамындағы кофеин ауыр гастрит тудырады. Бұл асқазан, ішекте қабыну, ауырсыну, жаралар мен эрозиялар және қан кету сияқты белгілерді тудыруы мүмкін. Энергетикалық сусын - жалпы әлсіздену және апатия, сондай-ақ жүрек-қантамыр жүйесінің күйіне кері әсері және сусынды шамадан тыс ішкен кезде ол гипертониялық кризді, тахикардияны және жүрек аритмиясын тудырады.
«Бүгінде ата-ана мен мемлекет тарапынан жеткілікті бақылаудың жоқтығынан әрбір жасөспірім кез келген сауда нүктесінен энергетикалық сусынды сатып ала алады. Біздің өскелең ұрпақ энергетикалық сусынның зиянды әсерінен хабардар болуы керек, бұл сусынды ішу процесін олардың өздерінен басқа ешкім бақылай алмайды», - деп түсіндіреді дәрігер.
Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы оқушылар арасында сауалнама жүргізген. Оған Қазақстанның 20 өңірінен 11-15 жас аралығындағы 8,5 мыңнан астам оқушыға қатысқан. Соңғы мәліметтері бойынша, елімізде жасөспірімдердің шамамен 45%-і энергетикалық сусынды ішіп көрген, кәмелетке толмағандардың шамамен 3%-і күн сайын энергетикалық сусынды ішеді әрі бұл көрсеткіш жыл сайын артып келеді. Балалардың 17,5 пайызы энергетикалық сусынды аптасына бес-алты рет тұтынады.  

Серіктес жаңалықтары