Футбол жанкүйері төбелескені үшін финалдық ойынға билет алды

Футбол жанкүйері төбелескені үшін финалдық ойынға билет алды

Футбол жанкүйері төбелескені үшін финалдық ойынға билет алды
ашық дереккөзі
50411
Суреттегі азаматты қазір футбол әлемінде қызу әрі мақтанышпен талқылап жатыр. Ол енді футболдан конференция лигасының финалдық ойынына жанкүйер ретінде қатыса алады.  "Вест Хэм" футбол клубының жанкүйері Крис Кнолл ойын кезінде командасының қонақтар отыратын жағын қарсылас команданың жанкүйерлер қарсылығынан қорғап, төбелесуге дейін барған. Тек ол Лондонға қарапайым жанкүйер емес, батыр болып оралды. Оны солай да қошеметтеп күтіп алған. "Вест Хэм" футбол клубы да оны ұмытпаған екен. "Жұмыста отыр едім, телефон қоңырауы келді. Сөйлесіп жатып жылап жібере жаздадым. Себебі бұл "Вест Хэм" клубының қызметкері екен. Ол менен екі қатар жоғары отырған және менің сол жерде төбелескенімді көрген. Ол маған өте батыл әрекет еттіңіз, финалдағы ойынды көруге сізге билет береміз", - деді бақытты Крис. Крис енді Прагаға барады. Оған өз командасының 47 жылдан кейін қайта оралған финалдық ойынын көру бақыты бұйырды.

Серіктес жаңалықтары