50274
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Қазақстанның бірқатар облысында 26 мамырда ауа райы құбылмалы болады, дауылды ескерту жарияланды деп хабарлады turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
Атырау облысы
Күндіз 26 мамырда Атырау облысының батысында, тәулік бойы 27 мамырда батысында, оңтүстігінде, 28 мамырда батыс бөлігінде найзағай күтіледі. 26-27 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, 26 мамырда облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, 27 мамырда басым бөлігінде, 28 мамырда облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 26-28 мамырда күндіз облыстың басым бөлігінде 35 градус қатты ыстық күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Атырау қ: 26 мамырда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.
Ақмола облысы
26 мамырда Ақмола облысының шығыс жартысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысы
26 мамырда Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан, шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.
Ақтөбе облысы
26-28 мамырда Ақтөбе облыстың оңтүстік-батысында өте жоғары өрт қаупі күтіледі
Астана
Астана қ.: 26 мамырда найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.
Ұлытау облысы
26-27 мамырда Ұлытау облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қызылорда облысы
26 мамырда Қызылорда облысының орталығында, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысы
26 мамырда Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Қарағанды қ.: 26 мамырда таңертең және күндіз найзағай болуы мүмкін.
Түркістан облысы
26 мамырда Түркістан облысының тауларында найзағай, солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.
Қостанай облысы
26 мамырда Қостанай облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігіңде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде жоғары өрт қаупі болуы мүмкін.
Павлодар облысы
26 мамырда Павлодар облысының батысында, онтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Облыстың шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Павлодар қ.: 26 мамырда түнде найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.
Маңғыстау облысы
26 мамырда Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.
Жетісу облысы
26 мамырда Жетісу облысының Алакөл көлдері ауданында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз 23-28 м/с сақталады.