50281
Астанада тағы бір спорт түрінен Азия чемпионаты өтеді
Астанада тағы бір спорт түрінен Азия чемпионаты өтеді

Астанада грэпплинг және грэпплинг гиден Азия чемпионаты өтеді деп хабарлады turkystan.kz.
Спортты дамыту дирекциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 21-24 маусым аралығында өтетін құрлық біріншілігіне Қазақстан құрамасымен қатар, Иран, Үндістан, Қырғызстан, Филиппин, Тәжікстан және Өзбекстанның жекпе-жек шеберлері қатысады.
«Азия чемпионаты жасөспірімдер, юниорлар, жастар, ересектер және 35 жастан асқан ардагерлер арасында өтеді», - деп жазылған хабарламада.