Павлодарда студенттің атына танысы 1 млн теңгеге несие алған

Павлодарда студенттің атына танысы 1 млн теңгеге несие алған

Павлодарда студенттің атына танысы 1 млн теңгеге несие алған
ашық дереккөзі
50245
Павлодар қаласында оқитын студенттің атына несие алған 22 жастағы облыс тұрғыны ұсталды деп хабарлады turkystan.kz. Рavlodarnews.kz сайтының мәліметінше, сәуір айында студентке бір танысы келіп, оның атына тауарлық несие алуын сұрағаны анықталды.
«Ол студенттің ұялы телефонын пайдаланып, бір миллион теңгеден астам сомаға тауарлық несие алған. Кейін банктерге төлем жасамай, мүлдем  байланысқа шықпай қойған. Алданғанын түсінген студент полицияға арыз жазды», – деп хабарлады Павлодар қаласының Полиция басқармасының бастығы Ермек Әлжанов.
Ұсталған адамға қатысты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Серіктес жаңалықтары