Қазақстан футболшыларының жаңа формасы таныстырылды (ВИДЕО)

/
Қазақстан футболшыларының жаңа формасы таныстырылды (ВИДЕО)
ашық дереккөзі
Қазақстан футболшыларының жаңа формасы таныстырылды (ВИДЕО) Қазақстан футбол федерациясы және Errea Sport компаниясы УЕФА-ның құрама командалар үшін жаңа футбол экипировкасын дайындау бағдарламасы аясында ұлттық құрама командаларының жаңа ойын жейдесін таныстырды деп хабарлады turkystan.kz. Өткен жылы ҚФФ мен УЕФА ұлттық құрамалардың жаңа футбол экипировкасын дайындау мен қамтамасыз ету жөніндегі келісімге келген. Келісім жаңа, қайталанбас өзіндік дизайнды жасауға мүмкіндік береді. Барлық экипировка денсаулыққа жағымсыз әсер ететін заттарға қарсы стандарт енгізген, «100 ОЕКО-ТЕХ» сертификаттауынан өткен. Ойын жейдесі үш түрлі – үйдегі (сары), қонақтағы (көк) және қосымша (қара). Экипировканың дизайны Қазақстандағы ең үлкен спорттық дизайн жасаушы компания – Creeeon-ның Errea Sport мамандарымен бірлесіп жасалды. Процесс барысында жанкүйерлердің ойы тыңдалып, ұлттық нақыштағы бейнелер мен символикаларға дауыс беруіне мүмкіндік берілді. Қазақстан ұлттық құрамасы жаңа жейдемен алғашқы ойынды 2023 жылдың маусым айында Сан-Марино және Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді. https://www.youtube.com/watch?v=t_Z1Zp1wTxE&t=70s&ab_channel=KFF-KazakhstanFootballFederation
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары