«Балалар мұғалімдермен бірге оқу жылын қорытындылап, жазғы демалысқа арналған жоспарын талқылайды. 1 маусым – Балаларды қорғау күні – 4, 9 және 11-сыныптар үшін салтанатты іс-шара өтіп, түлектер үшін соңғы қоңырау соғылады. Биыл Астанада 9-сыныпты 18 443 оқушы, 11-сыныпты 9 539 түлек аяқтайды», - делінген хабарламада.Маусымның алғашқы онкүндігінде 9-сынып түлектері қорытынды емтихан тапсырады. Ал 11-сынып бітірушілер үшін мемлекеттік емтихандар маусымның 5-19 аралығында өтеді. 22 маусым күні түлектерге аттестат беріледі.
Астанада соңғы қоңырау қашан соғылады?

Астанада соңғы қоңырау қашан соғылады?
Астана қаласының Білім басқармасы оқушылар үшін соңғы қоңырау қашан соғылатынын мәлімдеді деп хабарлады turkystan.kz.
31 мамыр – жалпы білім беретін мектептер бекітілген кесте бойынша сабақтар өткізеді және сол күні сынып сағаты өтеді.