Алматыда денесінің 94 пайызын күйік шалған науқас аман қалды

/
Алматыда денесінің 94 пайызын күйік шалған науқас аман қалды
ашық дереккөзі
Алматыда денесінің 94 пайызын күйік шалған науқас аман қалды Алматыда дәрігерлер денесінің 94 пайызын күйік шалған науқасты аман алып қалды деп хабарлады turkystan.kz Қалалық Денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, алматылық Антон есімді тұрғын 30 наурызда көлігін жөндеп жатып күйіп қалған.
«30 наурызда көлігімнің аккумуляторы отырып қалды. Оны қуаттандырып жатқанымда өрт шығып кетіп, үстімдегі киімнің бәрі отқа оранды. Қатты күйік шалды, қаншама операцияны бастан өткердім. Екі айға жуық дәрігерлер менің өмірім үшін күресті, бүгінде қалыпты өмірге оралдым – жүре аламын, өзімді күте аламын», - дейді Антон.
Науқас Алматының №4 қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілген. Ол шұғыл түрде жансақтау бөліміне жатқызылды. Реаниматологтар Антонның өмірі үшін 20 күн күрескен. Науқас мамандандырылған күйік бөлімінде бір айдан астам уақыт жатты. Хирургтар оған бір мезгілде аутодермопластикамен некрэктомия отасын жасады, яғни күйік қабыршағын алып тастап, бүтін тері жамаған.
«Бұл сирек болатын жағдай – бас, бет, мойын, дене, аяқ-қолдың 94%-ының I-II-IIIa-IIIб дәрежелі термиялық күйік шалған», - деді дәрігер-комбустиолог Диас Дәулетбеков.
Антон ауруханада 53 күн жатып, үйіне оралды. Ол өмірін сақтап қалған дәрігерлерге алғысын айтты. Айтуынша, өмірі үшін күрескен 6 маманның еңбегі зор. Олар: бас дәрігердің емдеу бөлімі бойынша орынбасары Нұржан Биқоңыров, жансақтау бөлімінің меңгерушісі Жандос Дәулетбеков, күйік бөлімінің меңгерушісі Елдос Әлменов, комбустиологтар Андрей Федотов пен Диас Дәулетбаев. Сонымен қатар орта және кіші медициналық қызметкерлер де көмегін аямады.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары