Жол белгісін өзіне ыңғайлы етіп бояған Қостанай тұрғыны жазаланды

Жол белгісін өзіне ыңғайлы етіп бояған Қостанай тұрғыны жазаланды

Жол белгісін өзіне ыңғайлы етіп бояған Қостанай тұрғыны жазаланды
ашық дереккөзі
50204
Қостанай тұрғыны жол белгілерін өзгерткені үшін жазаланды деп хабарлады turkystan.kz Ер адам қара бояудың көмегімен жол сызығының бір бөлігін бояп, оны өзіне ыңғайлы етіп жасаған деп жазды polisia.kz. Полиция жол белгілерін бұзған ер адамды анықтады. Ол ҚР ӘҚБтК 630-бабы бойынша жазаға тартылды.
«Жол қозғалысын ұйымдастыруға осылай өз бетінше әрекет жасау ЖКО-ның орын алуына әкелуі мүмкін. Салдарынан азаматтарға айтарлықтай материалдық шығын келтіріледі немесе денсаулығына және адамның өліміне қауіп төнуі мүмкін. Сондықтан мұндай әрекеттерді полиция қатаң түрде тоқтатып, кінәлі адамдарды заңмен белгіленген жауапкершілікке тартады», - деді Қостанай облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Алексей Милюк.

Серіктес жаңалықтары