IBA қазақтан шыққан әлем чемпионының үздік өнер көрсеткен сәтін жариялады (ВИДЕО)
Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) баспасөз қызметі қазақстандық боксшы Санжар Тәшкенбайдың Ташкентте (Өзбекстан) өткен 2023 жылғы әлем чемпионатында жарқын өнер көрсеткенін атап өтті деп хабарлады turkystan.kz.
Бокс қауымдастығы Instagram желісінде отандасымыздың әлемдік біріншіліктің ширек финалындағы жекпе-жегінен видео жариялады. Онда Санжар Тәшкенбай жапондық Кадзума Аратакені нокдаунға жіберіп, төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен жеңіске жеткен еді.
«Нокауттар мен нокдаундар. Ташкентте небір сәттер болды. Ал сіздің сүйікті сәтіңіз қайсы?» - деп жазылған видео астына.