22 мамырда сағат 18:54-те Алматыдан 272 шақырым жерде, Қытай аумағында жер сілкінісі болды хабарлады turkystan.kz. Жерасты дүмпуі ҚР ТЖМ «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісінде тіркелген. Жер сілкінісінің эпицентрі 10 шақырым тереңдікте, энергетикалық класы – 10.1, магнитудасы – 4.4.
«Жер сілкінісінің сезілгені туралы ақпарат түскен жоқ», - деп хабарлады кезекші оператор.