«Ресейден басталған»: Абай облысында орман өртеніп жатыр

/
«Ресейден басталған»: Абай облысында орман өртеніп жатыр
ашық дереккөзі
«Ресейден басталған»: Абай облысында орман өртеніп жатыр Абай облысында орман өртін сөндіруге барлық күш пен құрал жұмылдырылып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Облыс әкімі Нұрлан Ұранхаевтың тапсырмасы бойынша, өрт орнына барлық қызмет күші жөнелтілді. Оның қатарында облыс әкімінің орынбасары Дмитрий Гариков та бар.
«Өңір басшысы жағдайды бақылауда ұстауда. Қазіргі уақытта елді мекендерге қауіп төніп тұрған жоқ. Дегенмен барлық қызмет эвакуациялауға дайын. Өртті сөндіру бойынша қажетті іс-қимылдар ТЖ қызметтерімен бірлесіп пысықталады», - деді облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Айта кетейік, 22 мамыр күні сағат 15:25-те Бородулиха ауданындағы Ауыл станциясынан 7 шақырым қашықтықта, Алтай өлкесінің Новенькая ауылының маңында құрғақ шөп өртенген. Орман шаруашылығының мәліметі бойынша, сағат 22:50-де өрттің алдын ала ауданы 70 гектарға жеткен. Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 41 адамы, 14 техникасы және 1 арнайы көлігі, орман шаруашылығынан 157 адам және 44 техника жұмылдырылды. Облыстағы жергілікті атқарушы органдар тарапынан 4 су таситын КамАЗ көлігі, 3 трактор жіберілді. Жергілікті полиция қызметінен 4 адам, 2 көлік бөлінді. Өрт орнына қосымша Семей қаласынан өрт сөндіру техникасы жіберіледі. Сонымен қатар жедел облыстық штаб жасақталды.      
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары