«Мен әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алдым. Жартылай финал маған жақсы тәжірибе болды. Мен мұны негатив ретінде қабылдамаймын. Керісінше, позитив түрінде қабылдап, одан әрі жаттыға беремін. Азия ойындарында реванш алғым келеді. Енді Азия ойындарында жеңілмеймін. Мен оны 5-0 есебімен жеңіп, «алтынға» ие боламын», - деді боксшы үндістандық БАҚ-қа.Естеріңізге сала кетейік, Асланбек Шымбергенов бокстан 71 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетіп, 2023 жылғы әлем чемпионатының алтын медалін жеңіп алды.
Асланбектен жеңілген үнді боксшысы реванш жасағысы келетінін айтты

Асланбектен жеңілген үнді боксшысы реванш жасағысы келетінін айтты
Ташкентте (Өзбекстан) өткен әлем чемпионатының жартылай финалында Қазақстан құрамасының капитаны Асланбек Шымбергеновтен жеңілген үнді боксшысы Нишант Дев отандасымызбен реванш жасағысы келетінін айтты. Бұл туралы Sports.kz жазды деп хабарлады turkystan.kz.