50301
Астанаға келмейді: Италия Премьері шұғыл еліне оралды
Астанаға келмейді: Италия Премьері шұғыл еліне оралды
Эмилия-Романья аймағында болған жойқын су тасқыны салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Италия Премьер-министрі Джорджа Мелони табиғат апатынан зардап шеккен өңірлерге бару үшін Хиросимада өтіп жатқан G7 саммитіне соңына дейін қатыспай, еліне қайтып кетті. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай жазды.
Келіп түскен мәлімет бойынша, Италияның солтүстігінде кем дегенде 40-тан астам елді мекен су астында қалып, 20 мыңнан астам адам баспанасынан айырылды.
Осы себепке байланысты Италия Үкіметі басшысының Астанаға жоспарланған жұмыс сапары болмайды.
Италия тарапы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джорджа Мелонидің телефон арқылы сөйлесуін ұйымдастыруды сұрады.