Ақтөбеде полиция формасын киіп жүрген мас қыз ұсталды

/
Ақтөбеде полиция формасын киіп жүрген мас қыз ұсталды
ашық дереккөзі
Ақтөбеде полиция формасын киіп жүрген мас қыз ұсталды Ақтөбеде мас қыз полиция формасын киіп жүрген. Оның форманы қайдан алғаны анықталып жатыр деп хабарлады turkystan.kz. Рolisia.kz-тің жазуынша, 2023 жылдың 19 мамырында жедел басқару орталығының 102 телефонына «Есет батыр» шағынауданында мас күйінде полиция қызметкерінің киімін киген қыз жүргені туралы хабарлама түскен. Аталған мекенжайға барған учаскелік полиция инспекторы полицияға ешқандай қатысы жоқ 29 жастағы қызды ұстап, учаскелік полиция пунктіне жеткізді.
«Қазіргі уақытта қыз Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 440-бабы (алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарда мас күйінде пайда болу), 434-бабы (ұсақ бұзақылық) және 675-бабы (айырым белгiлерi және (немесе) нышаны бар әскери киiм нысанын, сондай-ақ нысанды киiм мен арнаулы киiм-кешектi заңсыз киiп жүру (пайдалану) бойынша хаттама толтыру үшін полицияның учаскелік пунктіне жеткізілді» - деді полициядан.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары