Санжар Тәшкенбай енді қай университетте білім алатынын айтты

/
Санжар Тәшкенбай енді қай университетте білім алатынын айтты
ашық дереккөзі
Санжар Тәшкенбай енді қай университетте білім алатынын айтты Бокстан әлем чемпионы Санжар Тәшкенбай еліміздегі университетте білім алатынын жеткізді деп хабарлады turkystan.kz. Бұған дейін бірқатар БАҚ спортшының оқудан шығып қалғаны туралы жазған болатын. Боксшы ел арасында тараған осы әңгімеге нүкте қойды.
«Сонша даурығатын дым жоқ. Бәрі дұрыс. Енді Еуразия ұлттық университетінде білім аламын. Таңдаған мамандығым спортпен байланысты. Сондықтан жұртты жоқ нәрсемен алаңдата бермей, осы әңгіменің нүктесін қойғым келеді», - деді әлем чемпионы спорт журналисі Аслан Қаженовке берген сұхбатында.
Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары