«Бұл өтірік. 2023 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда некеге тұру рәсімі біршама өзгереді, бірақ жас жұбайлардың қатысуы маңызды. 1 шілдеден бастап некені АХАТ емес, ХҚО қызметкерлері тіркейді. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу жөніндегі қызметі «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ-қа беріледі. Бұл ретте жаңашылдыққа қарамастан, некеге тұру бұрынғы АХАТ ғимараттарында жүзеге асырылады, олар енді мемлекеттік корпорацияның бэк-офистері деп аталады. Яғни, жас жұбайлар қалауы бойынша салтанатты түрде некеге тұра алады», - деп жазылған хабарламада.
1 шілдеден бастап Қазақстанда некені онлайн тіркеуге бола ма?

1 шілдеден бастап Қазақстанда некені онлайн тіркеуге бола ма?
1 шілдеден бастап некені онлайн форматта тіркеуге болады деген ақпарат тарады. Алайда stopfake.kz. бұл дерек шындыққа жаспайтынын мәлімдеді деп хабарлайды turkystan.kz.